Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Ә.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, Е.Алтаев, тұрақты комиссия мүшелері Ғ.Елшібай, Ж.Темірбекова, Қ.Салыбек, Б.Басымбек, Қ.Жантөреева, Б.Байғараев, М.Манапов, У.Рахиев, Т.Садуов, Б.Сүлейменов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.  

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

 

 

 

1.   

Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі;

2.   

Түркістан облысының туризм басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

3.   

«Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №12/169-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4.   

«Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №12/161-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

7.   

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасына тәртіптік жаза қолдану туралы.    

       

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелер тиісті шешімдер қабылдады.