Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезекті он жетінші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2025 жылғы 25 маусымда сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының 2025 жылғы 25 маусымда сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылғы 25 маусымда сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
- Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия шарттарының және келісімшарттардың орындалу барысы туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 9/132-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы;
- «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
- Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов