Меню
Страницы

4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні

4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні

Құрметті  жерлестер!

             Елдің елдігін, мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтар ол – елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері. Сіздерді аудандық мәслихат аппараты мен депутаттары атынан 4-маусым рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер – Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конститутциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4-маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу- парызымыз деп білуі керек. Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын! Мереке құтты болсын!

           

Ізгі ниетпен Жетісай аудандық

мәслихатының хатшысы:                        А.А.Утанов    

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты