Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ-сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы  аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХVІІ-сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы

аудандық мәслихаттың

кезектен тыс ХХVІІ-сессиясын

шақыру туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ-сессиясы 2024 жылғы 26 қарашасында сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                Х.Байысбаев

 

 

 

 

 

 

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ-сессиясы 2024 жылдың 26 қарашасында сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2024 жылдың 26 қарашасында сағат 1000-ден бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2024 жылдың 26 қарашасында сағат 1030-да өтеді

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түлкібас ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
  2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
  3. Түлкібас аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылды деп тану туралы

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                Х.Байысбаев