Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІ-сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы  аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХLVІ-сессиясын шақыру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс                        ХLVІ-сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                   С.Сарсенбаев                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс   ХLVІ-сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй,  (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1000-де өтеді.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:            

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29/3-07 «Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №13/2-08 «Түлкібас ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №60/6-06 Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  4. Састөбе кенті әкіміне сенімсіздік білдіру туралы

 

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              С.Сарсенбаев