Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІV-сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы  аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХХХІV-сессиясын шақыру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс          ХХХХІV-сессиясы 2026 жылдың 6-наурызында  сағат 1000-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                   С.Сарсенбаев                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ХХХХІV-сессиясы 2026 жылдың 6-наурызында сағат 1000-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй,  (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0830-дан бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі  2026 жылдың 6-наурызында сағат 0900-де өтеді.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:       

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №41/1-08 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Түлкібас ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы
  3. Кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              С.Сарсенбаев