Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІІ-сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы  аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХХХІІ-сессиясын шақыру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс                       ХХХХІІ-сессиясы 2025 жылғы 25 желтоқсан  сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                   С.Сарсенбаев                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс   ХХХХІІ-сессиясы 2025 жылдың 25 желтоқсан сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй,  (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0930-дан бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылдың 25 желтоқсан сағат 1000-де өтеді.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:       

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Түлкібас ауданындағы кент және ауылдық округ бюджеттері туралы
  2. Түлкібас ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              С.Сарсенбаев