Сайрам ауданы бірлік күнін атап өтті

Сайрам ауданы бірлік күнін атап өтті
Сайрам ауданы бірлік күнін атап өтті
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай, «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында орталық «Мәртөбе» алаңда мерекелік ісшара өтті.
Ісшараға Сайрам ауданының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мерекелік ісшара алдында түрлі халықтардың ұлттық болмасын дәріптейтін қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекеге жиналған жұртшылықты аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадов пен аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Мерекелік ісшара ел бірлігі мен ұлттар достығын паш еткен концерттік бағдарламамен жалғасты.