Бүгін сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С.Сабитов, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды.
Сессияда аудандық ішкі саясат бөлімі, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақтелеком» АҚ Сайрам аудандық филиалы басшыларының есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамдарына өзгерістер енгізу, жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамы және ережесін бекіту, Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы, аудандық округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу және тағы да басқа мәселелер қаралды.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын-ала қаралып, талқыланған.