Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов және мәслихат депутаттары Төрегелді Қалмұратов, Нұржан Жамалбеков, Сайдирасулхан Ералиев, Бекжан Айтқұлов, Жамшидбек Туламетов Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімі Арман Сабитов, аудандық мәслихат төрағасы Шамхат Халмурадов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, салалық бөлім, мекеме, қоғамдық ұйым басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қалмұратов 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстарына, сондай-ақ, Сайрам ауданына бөлінген және бөлінетін қаржыларға тоқталып өтті.
Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар жаңа мектеп, спорттық кешен салу, әлеуметтік, инфрақұрылым және тағы да басқа салаларға қатысты мәселелерді көтеріп, облыс депутаттары тарапынан аталған мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.
Есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға аудан халқы өздерінің шынайы алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.