1 қыркүйек Білім күні!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде осы күн мәңгіге сақталады. Ал ұстаздар үшін жаңа бастамалар мен ізденістердің, тың идеялардың символы.Қиын да күрделі қызметте жүрген ұстаздар қауымының дендеріне саулық, ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі міндеттерін мінсіз, абыройлы атқаруларына тілектестігімді білдіремін.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!