ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырыста алғашқы мәселе бойынша — Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Аталған мәселені бөлім басшысы Б. Ахметов таныстырып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің орындалуы мен сақталуы жөніндегі есептер қаралды.
Бұл бағытта Қарасу ауылдық округінің әкімі Х. Ирисметов және Манкент ауылдық округінің әкімі Ә. Бурбеков есеп беріп, ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шаралар туралы ақпарат берді.
Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – аудан тұрғындарының мүддесін ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бақылауды күшейту және ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.