Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысы өтті

Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысы өтті
Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика, ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы комиссия төрағасы А. Керімовтің төрағалығымен өтті.
Күн тәртібінде ауданның қаржы саласына қатысты маңызды мәселелер қаралды:
🔹 Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
🔹 Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №36-246/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
Отырыс барысында қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу ұсынылды.