15.07.2026 Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті

15.07.2026                                                                                                     Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті

 

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы жүргізді.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы, аудандық әкімдік мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абылғазиев Дулат Талғатұлы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» мәселе бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.