11.06.2026 Бүгін Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

11.06.2026 Бүгін Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Бүгін Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы А. Құрманбеков ашып, жүргізді.
Жиынға Сайрам ауданының әкімі С. Дүйсебаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ күн тәртібінде есебі қаралған мекемелердің басшылары мен жауапты өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде:
🔹 Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің 2025-2026 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы және алдағы жоспарлары туралы баяндамасы.
🔹 Қарабұлақ ауыл округі әкімінің 2025 жыл көлемінде көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру туралы есебі.
🔹 Қарамұрт ауыл округі әкімінің 2025 жыл көлемінде көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру туралы есебі.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Тиісті мекемелерге көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсынымдар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, қоғам пікірін ескеру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ету болып табылады