Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгінгі аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Абылғазиев, «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» мәселемен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бас инспекторы Х.Тойчибаевтың ақпараты тыңдалды.
Сессия қарауына ұсынылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.