Бүгін Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бүгін Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиын Қоғамдық кеңес төрағасы Құрманбеков Ақылбек төрағалығымен өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

🔹 Жібек жолы ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің орындалуы және сақталуы бойынша есебі тыңдалды.

🔹 Сайрам аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру барысындағы жоспарлары талқыланды.

🔹 Сайрам аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары сараланды.

🔹 «Сайрам Тазалық» ЖШС-нің 2025 жылғы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары бойынша есеп берілді.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті пікір алмасулар жүргізілді.