Мәслихат сессиясы өтті

Мәслихат сессиясы өтті
Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі М.Оразалиев, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №36-246/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің «2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелермен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Әжібеков таныстырды.
Мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған мәселелер салалығына қарай мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында алдын-ала қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.