Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика, ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы комиссия төрағасы А.Керімовтің төрағалығында болып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №36-246/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің «2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы мәселелер мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясының қарауына ұсынылды.