Сайрам аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сайрам аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сайрам аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы кеңес төрағасы Құрманбеков Ақылбектің төрағалығымен өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С. Дауылбайұлы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және күн тәртібінде есебі қаралған мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

🔹 Ақсукент ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің орындалуы мен сақталуы туралы есебі тыңдалды.

🔹 Көлкент ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар жөніндегі есебі ұсынылды.

🔹 Қарабұлақ Сайрам аудандық ауруханасының 2025 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы есебі қаралды.

Жиын барысында қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тиісті ұсынымдар берілді.