Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің өкілдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия қарауына ұсынылған Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Түркістан облысы Сайрам аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» №26-161/VII шешіміне және Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Түркістан облысы Сайрам аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №10-82/VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Реметов, «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы» мәселемен аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Әжібеков таныстырып өтті.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.