Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың бірлескен  отырысы өтті
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Сатибалдының төрағалығында өткен бүгінгі отырысында  Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Түркістан облысы  Сайрам аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» №26-161/VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы                      27 желтоқсандағы  «Түркістан облысы Сайрам аудандық учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» №10-82/VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Комиссия қарауына енгізілген мәселелер бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Т.Матова таныстырып өтті және аталған мәселелер мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясынаң қарауына ұсынылды. 
 
 Аудандық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы Д.Айдархановтың төрағалығында болып өтті.  
Күн тәртібіндегі «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы» мәселемен аудандық жер қатынастары бөлімі  басшысының міндетін атқарушы Р.Әжібеков баяндап өтті. 
Комиссияның қарауына ұсынылған мәселе жан-жақты қаралып, зерделеніп мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына жіберілді.