Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
 
Мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс қырық бірінші сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі М.Оразалиев, бөлім,  мекеме  басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген «Сайрам аудандық әкімдіктің құрамын келісу туралы» мәселемен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің бас инспекторы Д.Жаппаров, «Жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамы және ережесін бекіту туралы» мәселемен аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Әжібеков таныстырып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген  мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.