Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы
Мәслихаттың бүгінгі кезекті қырқыншы сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібіне енгізілген Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардыың атқарылуы туралы мәселемен бөлім басшысы Ж.Абданбеков, Сайрам аудандық электр тарату жүйесінің халыққа қызмет көрсету барысында атқарылып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпаратпен С.Байташов, Қарамұрт ауылдық округі әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттерін іске асырылуы туралы ауыл әкімі М.Нажиев таныстырып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.