Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия қарауына ұсынылған Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева, Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік комиссияның құрамын бекіту туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Абылғазиев, Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №7-49/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» және Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №7-51/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелермен Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Б.Шадирбеков таныстырып өтті.
Сессия қарауына ұсынылған мәселелер салалығына қарай Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарында алдын-ала талқыланып, мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.