
Отырыстың басында кадрлық өзгерістер қаралып, Байменов Шапулат пен Мирзаев Сайдахмат Қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылданды. Жаңа мүшелерге сәттілік тілейміз!
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2025 жыл аралығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі есебі тыңдалды.
2️⃣ Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жыл аралығында көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру туралы есебі қаралды.
3️⃣ Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің орындалуы мен сақталуы жөніндегі есебі тыңдалды.
4️⃣ Жастар ресурстық орталығының 2025 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есеп ұсынылды.
Кеңес барысында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға нақты міндеттер жүктелді. Халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру – басты назарда.
Қоғамдық кеңес жұмысы ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына негізделе отырып жалғасын табады.