Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Құрманбеков ашып жүргізіп отырды отырысқа аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, есеп беретін бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында қоғам үшін өзекті мәселелер қарастырылып, маңызды шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1.«Ақсукент» Сайрам аудандық орталық ауруханасының 2025 жылдың 9 айы көлемінде атқарылған жұмыстары туралы есебі.
2.Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылдың 9 айы көлемінде атқарылған жұмыстары туралы есебі.
3.Азаматтарға арналған үкімет Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің 2024-2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша есебі.
4.Сайрам ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қазандағы №360 (коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы) қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобасына қорытынды беру.
5.Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфиценттерін бекіту туралы» қаулысына қорытынды беру туралы.
6.«Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы «Сайрам ауданы әкімдігінің 2023 жылғы №391
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына қорытынды беру туралы.
7.«Б» корпусындағы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
8.ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 65 бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихатының «Сайрам ауданы бойынша оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына қорытынды беру туралы
Отырыстың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті органдарға жолданатын болды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері қоғамдық бастамаларды қолдау және халықпен өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.