ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Манкент ауыл әкімшілік ғимаратында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Құрманбеков ашып жүргізіп отырды, отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р.Мұздыбеков, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және есеп беретін ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨМЕНДЕГІШЕ:
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы.
2. Қарамұрт, Қайнарбұлақ және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «2024-2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру туралы есебі.
3. Қарамұрт, Жібек жолы, Манкент ауыл округтерінің 2025 жылдың 8 айында әлеуметтік сала бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін ұйымдардың тізбесін бекіту және қоғамдық жұмыстардың түрлерін айқындау туралы