Мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының отырысы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс  отыз сегізінші сессиясының отырысы өтті
Бүгінгі Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия қарауына енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №33-231/VIII «Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелермен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бас инспекторы А.Тұраров, Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-82/VIII «Түркістан облысы Сайрам аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселемен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Реметов таныстырды.
Сессия отырысында қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.