Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

 Сайрам аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы комиссия төрағасы Б.Кургановтың төрағалығында өтті.
Комиссияның қарауына енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №33-231/VIII «Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту, Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-82/VIII «Түркістан облысы Сайрам аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының қарауына ұсынылды.