Сайрам аудандық мәслихатының бүгінгі кезектен тыс отыз жетінші сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы мәселелер жөнінде аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы А.Айтекеева, Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қаңтардағы №25-180/VIII «Сайрам аудандық әкімдіктің құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселемен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Ж.Саутбек, Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-140/VIII «Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихаттың ұйымдастыру-құқық бөлімінің бас маман-заңгері Н.Алтынбеков таныстырып өтті.
Күн тәртібінде енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.