
Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бүгінгі отырысы комиссия төрағасы А.Керімовтің төрағалығында өтті.
Тұрақты комиссияның қарауына ұсынылған Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы мәселелер жөнінде аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы А.Айтекеева таныстырып өтті.
Күн тәртібінде енгізілген мәселелер жан-жақты қаралып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының қарауына ұсынылды.