Сайрам аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Сайрам аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
     Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті отыз алтыншы сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.            
        Сессия отырысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
          1. Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы;
          2. Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің атқарған жұмыстары туралы ақпараты;
          3. «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігерінің атқарған жұмыстары туралы ақпараты; 
          4. «Қазақтелеком» АҚ Сайрам аудандық филиалының атқарған жұмыстары туралы ақпараты;
          5. Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі;
          6. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіндегі елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы;
          7. Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі                   №7-49/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
          8. Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі                      №7-50/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебі.
         10. Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
         Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.