МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясы аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
 
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. «Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23-169/VIII “2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №24-174/VIII “Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3.Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын келісу туралы.
 
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында алдын-ала талқыланып, депутаттардың сын-ескертпелері мен пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.