Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті.

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті.
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.      
      
Сессия отырысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
 
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды: 
1.Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы   28 наурыздағы №14-109/VIII «Сайрам ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
2.Сайрам ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы; 
3.Аудандық әкімдіктің құрамын келісу туралы;
4.Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы  №26-194/VIII «Жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамы және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5.Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы;
6.Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы  27 қыркүйектегі №7-49/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7.Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы  27 қыркүйектегі №7-50/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8. Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы   №19-142/VIII «Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9.«Б» корпусындағы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесiн бекіту туралы.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен  отырысында  алдын-ала қаралып, депутаттардың пікірлері ескеріле отырып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.