Сайрам аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Сайрам аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Дүйсебаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Сайрам ауданы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
2. Сайрам аудандық полиция басқармасының атқарған жұмыстары туралы ақпараты;
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аудан бойынша орындалуы және аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат;
4.Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.