Бүгін Еңбек күніне орай ауданымызда «Қоғам үшін әр маман қымбат» тақырыбында мерекелік ісшара ұйымдастырылды.
Елбасы Жарлығымен елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі кеңінен аталып, түрлі салаларда еңбек өнімділігін арттыруға қомақты үлес қосып жүрген еңбек озаттары мен ардагерлерге дәстүрге айналып отыр.
Аталған ісшараға ауданымыздың еңбек ұжымдарынан үздік еңбек өкілдері қатысты.
Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Дүйсебаев, Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Ш.Халмурадов және «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов ауданның үздік еңбек өкілдерін мерекемен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік ісшара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.