Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы  сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.           

Сессия отырысына аудан әкімі А.Сабитов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия қарауына:

1.«Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы      №23-169/VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         2.Сайрам ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы мәселелер ұсынылды.

         Сессия қарауына ұсынылған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысы А.Айтекеева және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жүнісбеков баяндама жасады.

Күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселелер салалығына қарай алдын-ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.