Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі А.Сабитов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы
2. Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы;
3. «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының есебі;
4. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және оған бағынысты мекемелер тарапынан халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі;
5. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының» Түркістан облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Сайрам аудандық бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпараты;
6. Қарасу ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін іске асырылуы туралы есебі;
7.Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №7-51/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8.Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №7-50/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9.Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №7-49/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер салалығына қарай тұрақты комиссиялардың жеке және бірлескен отырыстарында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.