Бүгін Ақсу ауылындағы орталық саябақтағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік ісшараға аудан әкімі А.Сабитов, аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов және ауданның зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.