Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2025 жылғы 28 мамыр сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Мақтаарал ауданы (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылдың 28 мамыр күні сағат 10.30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:

1.2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы;

2.2024 жылғы арналған кенттер мен  ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы  туралы жылдық есепті бекіту туралы;

3.Мақтаарал ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту («Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі Б.Әлімқұл).

4.Мырзакент кенті әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы;

5.Еңбекші  ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы;

6.Жаңа жол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі  есебі туралы;

7.Иіржар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі  есебі туралы;

8.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мекенжайына жолдаңыздар.

Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk

Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев