
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 26 мамыр күні сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы шақырылады.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылдың 26 мамырында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:
1.Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі желтоқсандағы №15-105-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Баяндамашы: Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшібаев.
2.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайына жолдаңыздар.
Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk
Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев