
Бүгін, 2026 жылғы 17 сәуірде аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы М.О.Ердешовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің отырысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.С.Елшібаев, Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Б.Әлімқұл, Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.С.Мырзамдамов, Мырзакент кенті әкімінің орынбасары Ж.Ж.Абдиров пен «Қазсушар» РМК, Түркістан филиалының Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы Қ.А.Бейсенбаев қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
1.«Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 15-105-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің жобасы;
2.«Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебі;
3.«Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінің 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының есебі;
4.«Аудан аумағындағы ирригациялық-дренаждық жүйелердің, каналдар мен арық-атыздардың, шаруашылықаралық қашыртқылардың, тік дренажды ұңғымалардың жай-күйі мен қысқы сор шаю жұмыстарының барысы туралы» «Қазсушар» РМК, Түркістан филиалының Мақтаарал өндірістік бөлімшесі басшысының есебі;
5.«Мырзакент кенті әкімі аппараты» ММ-сі тарапынан 2025 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен орын алған бұзушылықтар және алдағы уақытта болдырмау, қызмет алушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы» Мырзакент кенті әкімінің есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елшібаев Нұрғали Сәрсенбекұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлімқұл Баязит Базарбайұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Мырзамдамов Өсер Тастемірұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Қазсушар» РМК, Түркістан филиалының Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы Бейсенбаев Қалмырза Амалбекұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Мырзакент кенті әкімінің орынбасары Абдиров Жарқынбек Жаппарұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданатын болады.