Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 10:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылдың 27 наурызында сағат 09:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:

1.Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;

Баяндамашы: Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов.

2.Атакент кенті, Бірлік, Мақтарал, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы;

Баяндамашылар: Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері.

3.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайына жолдаңыздар.

Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk

Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев