Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылдың 18 наурызында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:

1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеті туралы» №36-223-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;

3.Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

4.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мекенжайына жолдаңыздар.

Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk

Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев