Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 4 наурыз күні сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылдың 4 наурызында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:

1.Мақтаарал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-213-VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мекенжайына жолдаңыздар.

Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk

Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев