
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 29 желтоқсан күні сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы шақырылады.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылдың 29 желтоқсанында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:
1.Мақтаарал ауданы бойынша кенттер мен ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет туралы;
2.Мақтаарал аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы;
3.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайына жолдаңыздар.
Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk
Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев