
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы шақырылады.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:
1.2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
2.Аязхан Қалыбеков, Достық, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы;
3.«Мақтаарал аудандық мәслихат төрағасының және тұрақты комиссияларының 2025 жылғы қызметтері туралы» есебі;
4.«Мақтаарал аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы»;
5.«Мақтаарал аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындардарының сметасы туралы»;
6.Мақтаарал аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
7.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайына жолдаңыздар.
Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk
Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев