МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін 2025 жылғы 24 қыркүйек күні аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Маханбетов Асан Жақыпбекұлының төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің отырысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, Мақтаарал АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Жылқыбаев Ержан Тасболатұлы, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Бабашев Мадияр Асанұлы және Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Тұрашев Нұрлан Нұрғалиұлы қатысты.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1.«Аудандағы діни ахуалдың жай күйі, діни тұрақтылықты сақтау және нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының есебі;

2.«Аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті нығайту жұмыстары туралы» Мақтаарал аудандық полиция бөлімі басшысының есебі;

3.«Мақтаарал ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының шешім жобасы;

4.«2026 жылға Мақтаарал ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулы жобасы;

5.Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мақтаарал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің «Мырзакент-Қызмет» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы Мақтаарал аудандық мәслихатының шешім жобасы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Е.Жылқыбаев баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Тұрашев баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданатын болады.