Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 01 қазанда сағат 11:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылдың 01 қазанында сағат 10:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:

1.Мақтаарал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы;

Ақпарат беруші: Асанов Бақыт Насырханұлы, Мақтаарал ауданының әкімі.

2.Мақтаарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі туралы;

Ақпарат беруші: Татеев Жандарбек, Мақтаарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

3.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін;

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мекенжайына жолдаңыздар.

Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk

Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев